Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ғимарат құлап, тоғыз адам мерт болды

AstanaTV
12.03.2024ж. 19:00
289
Ғимарат құлап, тоғыз адам мерт болды

Пәкістанның шығысындағы Пенджаб провинциясының Мултан қаласында тұрғын үйдің құлауынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты, тағы екеуі зардап шекті,деп хабарлайды Azattyq Ruhy Синьхуаға сілтеме жасап.

Үш қабатты ғимарат Харам Гейт маңында құлаған. Бұл туралы құтқару операциясын басқарған аудандық төтенше жағдайлар қызметінің өкілі КалимУлла мәлімдеген.

Оның айтуынша, барлығы 11 адам үйінділердің астында қалған, бірнеше сағаттық құтқару-іздеу операциясынан кейін тоғыз мәйіт табылды, тағы екеуі үйінділердің астынан тірі шықты.

Ол зардап шеккендердің барлығы жергілікті ауруханаға жеткізілгенін атап өтті.

Оның айтуынша, қаза тапқандардың арасында бір отбасынан жеті адам болған.