Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Павлодарда көкөніс сатқан Қырғызстан азаматтары жауапқа тартылды

AstanaTV
12.03.2024ж. 19:27
531
Павлодарда көкөніс сатқан Қырғызстан азаматтары жауапқа тартылды

Олар Н. Назарбаев даңғылы бойындағы дүкенде жұмыс істеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары салынып жатқан объектілердің бірінде Өзбекстан Республикасының төрт азаматын анықтаған. Қарағанды қаласында уақытша тіркеуден өткен шетелдіктер жұмысшылар болып еңбек еткен.

Сондай-ақ Н. Назарбаев даңғылы бойындағы дүкенде Қырғызстан Республикасының екі азаматы көкөніс-жемістер бөлімінде тиісті құжаттар мен рұқсатсыз сатушы болып жұмыс істеген.

– Шетел азаматтары арнайы қабылдағышқа орналастырылды, әрбір шетелдікке қатысты әкімшілік материал толтырылды. Шетелдіктерді қонақ ретінде тіркеген азаматтар да жазаланды, себебі олар заңсыз жұмыс істеді. Жедел профилактикалық іс-шараның бірінші күні елімізде болу ережелерін бұзғаны және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күші мен еңбекшілерді жұмысқа тартқаны үшін 69 азамат жазаланды, – деді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.

Көші-қон заңнамасын бұзған төрт шетелдік азамат елден шығарылды, олардың біреуі ұзақ уақыт бойы сот шешімін орындаудан жасырынған.

Павлодар облысында болған кезде соттың шығарып жіберу туралы шешімін орындамай, Қостанай қаласына кетіп қалған 25 жастағы Тәжікстан Республикасының азаматын полиция ұстады. Павлодар облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдікті елден мәжбүрлеп шығарды.