Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Ұлттық қор – балаларға: қазақстандықтар қанша қаражат шешіп алды

AstanaTV
12.03.2024ж. 23:10
1275
Ұлттық қор – балаларға: қазақстандықтар қанша қаражат шешіп алды

Қаржы министрлігі «Ұлттық қор – балаларға» жобасы арқылы қанша қазақстандық қаражат шешім алғанын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2022 жылы қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық қор – балаларға» жобасын бастауға бастамашылық етті.

«2024 жылдың басында нысаналы талаптарға қатысушылардың саны 6 919 131 адамды құрады, оның ішінде 304 815 адам 2024 жылы 18 жасқа толды (толады). 18 жыл iшiнде орташа инвестициялық кiрiстiң 50%-нан қалыптасқан есептеулердің жалпы сомасы 695 519 269 АҚШ долларын құрады, әрбiр балаға 100,52 АҚШ доллары есептелді.

Есептеулерді кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері egov.kz порталынан және enpf.kz сайтынан көре алады», - делінген хабарламада.

2024 жылы кәмелетке толған (толатын) балалар үшін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на жалпы сомасы 30 640 003,80 АҚШ долларын құрайтын қаражат аударылып қойды.