Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Алматыда қалың қар жауады: Құтқарушылар ескерту жасады

AstanaTV
12.03.2024ж. 22:38
2151
Алматыда қалың қар жауады: Құтқарушылар ескерту жасады

Алматыда ертең  қалың қар жауады. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

«13 наурызда түнде Алматыда, сондай-ақ таулы аймақтарда қатты жауын-шашын, жаңбыр, қар күтіледі. Таулы аймақтарда солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетеді», - деп ескертті департаменттен.

Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтап, тауға барудан бас тартуға шақырды.

– Таулы аймақтарға серуендеуді ауа райы қолайлы болғанша кейінге қалдырған дұрыс.

– Үйге қайтуды кешке қалдырмаңыз, қайта жол таба алмауыңыз мүмкін.

– Рюкзактарыңызда мыналар болуы керек: жылы киімдер, төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсетуге арналған қобдиша және GPS навигаторы.

– Тауға жалғыз шықпаңыз.