$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанайда 19 жастағы спортшыға оқ атылды

AstanaTV
17.01.2017ж. 20:00
2798
Қостанайда 19 жастағы спортшыға оқ атылды

Спорт кешенінде оққа ұшқан қостанайлық боксшы аман қалды. Травматикалық тапаншадан жарақат алған жігіт ауруханаға жеткізіліп, басына ота жасалған. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы қалыпты. Қазір нейрохирургия бөлімінде жатыр. «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Күдікті ұсталып, қылмыс қаруы тәркіленген. Арнайы сараптамалар тағайындалыпты. Енді полицейлер екі боксшының не үшін қару пайдаланғанын анықтайтын болады.

Валерий Ковш, Қостанай балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві мектебінің директоры:

Екеуі де студент. Олардың оқ атуының спортқа қатысы жоқ, өзара түсінбеушіліктен туындаған болар деп отырмыз. Полицейлер тапаншаның қайдан пайда болғанын тексеріп жатыр.