Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Астанада жалға берілетін пәтердің бағасы қымбаттады

AstanaTV
12.03.2024ж. 20:00
222
Астанада жалға берілетін пәтердің бағасы қымбаттады

Астанада жалға берілетін пәтердің бағасы күрт қымбаттады. Мамандар мұны алматылықтардың бас қалаға көп келуімен байланыстырады. Үйге сұраныс артқан. Баға алдағы уақытта қалай құбылуы мүмкін? Сарапшылар пікірін тілшіміз білді. 

Статистикалық деректерге қарасақ, басқа өңірлерге қарағанда елордада баға жоғары. Бұған дейін бір бөлмелі пәтерді жалға алудың орташа құны 120-150 мың теңге болса, қазір баспананың бір айлық ақысы -180 мың теңге.

Айнұр СЕЙСЕНӘЛІҚЫЗЫ, РИЭЛТОР:

Сұраныстар көп, үй қарастырып, үй алуға көмек беріңіз болмаса, астананың нарығы қандай баға жағынан не болып жатыр дегендей.Сатылымда жоқ бірақ,жалға беру жағынан 15-20пайызға дейін көтерілгенін оны растаймыз.

Пәтер іздегендердің бірі-алматылық Олжас Жолдыбай. Мегаполистегі жер сілкінісінен кейін ол елордаға қоныс аударуды ойлап жүрген көрінеді.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сол тегіс, жер сілкінбейтін жерде өмірді қауіпсіз жалғастырған дұрыс шығар деген ойдамыз. Осы жолғы ойымыздың нақты әрі шешімі анық болатын жағдайы бар.

Ал сарапшылар мұның уақытша жағдай екенін айтады. Баға сәлден соң тұрақталуы мүмкін.

Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Астанада үйдің бағалары, оның жалға беру бағалары жоғары. Ал енді Алматыдан көшеттіндер үлкен халық ауылға бармайды әрине. Астанаға келуге көбірек әрекет жасайды. Сондықтан мен ойлаймын пәтерлердің бағасы сәл де болса көтерілу заңды нәрсе.

Үйді жалға алу ақысы тек Астанада емес, өзге өңірлерде де көтерілген.