$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада салынып жатқан «Жаңа Арқа» тұрғын үй кешенінің құрылысы бітер емес

AstanaTV
12.03.2024ж. 20:00
624
Астанада салынып жатқан «Жаңа Арқа» тұрғын үй кешенінің құрылысы бітер емес

Астанада салынып жатқан «Жаңа Арқа» тұрғын үй кешенінің құрылысы бітер емес. Үлескерлердің тағы бір жыл күтуіне тура келетін секілді. Ал олардың басым бөлігі жалғыз баспанасын сатып, 2 жылдан бері пәтер жағалап жүр. 

Қордай 89 көшесіндегі 373 пәтерлі премиум санаттағы апартамент келісім бойынша 2022 жылдың желтоқсан айында тұрғындарға берілуі тиіс болған. Алайда құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін аяқталар емес.

Гүлбақыт ДАВЛЕТЬЯРОВА, ҮЛЕСКЕР:

Құрылыс компаниясы құрылыс мерзімін 2024 жылға дейін созды. Сонымен қатар осы жылдың 29 ақпанына дейін қаржыландыру сұрақтары бойынша жауап беруі тиіс болған. Бүгінгі таңда жауапты компанияның ақшасы жоқ. 2022 жылдың мамырынан бастап нақты құрылыс жұмыстары жүргізілмеді, жүргізілсе де баяу қарқынмен.

Кіріктірілген үй-жайлары және автотұрағы бар көппәтерлі бұл үйден жаңа баспана алу үшін тұрғындар өздерінің пәтерлерін сатқан. Енді қазір жалдамалы пәтерлерде күнелтіп жүрміз дейді.

Нұрлан КӨПЕНОВ, ҮЛЕСКЕР:

Құрылыс салушы үнемі алдайды, қоңырауларымызға жауап бермейді, ақпарат бойынша пәтерлердің 90 пайызы сатылған. Ақша қозғалысы туралы есеп жоқ.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мердігер компания өкілдерімен кездесулер өткізген. Қаражат іздестіру бойынша ұсыныстар берілген.

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ:

Тапсырыс беруші «BBS Gold» болып табылады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасы бар. Жоғарыда аталған объект бойынша «Мемсараптама» РМК берген оң сараптамалық қорытындысы бар. Бүгінде тиісті қаржының жоқтығынан құрылыс-монтаж жұмыстары баяу жүргізілуде.

Мердігерге құрылыс қарқынын арттыру міндеттелген. Биыл жыл соңына дейін үйді тапсыруы керек.