Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Түркістан облысында ауыл әкімдігі бюджеттің 24 млн теңге қаржысын жымқырған

Түркістан облысында ауыл әкімдігі бюджеттің 24 млн теңге қаржысын жымқырған

Түркістан облысындағы Жетісай ауданында ауыл әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері 24 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Атамекен ауылы әкімдігі өкілдерінің тиісті мекемемен ымыраласа жасаған әрекетін облыс прокурорлары әшкереледі. Прокуроратура дерегінше, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қоғамдық жұмыстарға, оның ішінде жастар практикасы шеңберінде жұмыстарға адамдарды құжат жүзінде ғана тартып отырған. Жұмыссыз мәртебесін алған 30-дан астам адам іс жүзінде ештеңе істемеген және бұл туралы білмеген де. Лауазымды тұлғалар оларға сырттай төленген ай сайынғы жалақыны "Қазпошта" мен банктердегі шоттарына аударып, кейіннен басқа тұлғалармен қолма-қол ақшаға айналдырып келген көрінеді. 

Хурсанбек ЮНУСОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Лауазымды тұлғалар жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды заңсыз шығарған. Ал кейіннен олардың банктік есептік шоттарына қаржылар аударылып отырған. Сонымен бірге орталық және әкімдік қызметкерлері осы қоғамдық жұмыстарды өздерінің туысқандары және таныстарын тартып отырған. Сәйкесінше оларға да қаржы аударылған. Қазіргі таңда қылмыстық болу деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды.