Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Атыраулық келіншек екі баласын сатып жіберген

12.03.2024ж. 20:00
337
Атыраулық келіншек екі баласын сатып жіберген

Атыраулық келіншек өзінің екі баласын сатып жіберген. Екеуін де жаңа туған шақалақ күйінде саудалапты. 33 жастағы келіншек алдымен бір отбасына баласын сатады.

Кейін біраз уақыт өткен соң тағы жүкті екенін біліп, болашақ дүниеге келетін нәрестесін сату туралы екі отбасымен уағдаласқан. Олардан алдын-ала 2 миллион 300 мың теңгесін қалтаға басып, ізін суытқан. Дүниеге келмеген сәбиді пайда көзі ретінде көрген әйел өзге ерлі-зайыптыға баласын сатып жіберген. Олар нәресте туғанша әйелдің шотына ақша аударып отырыпты. Баланы сатып алған екі отбасы әкелікті анықтап, балалардың туу туралы куәліктеріне өз аттарын жаздырып үлгерген. Бірақ бөбектің қызығын көре алмады. Баласын сатқан келіншек пен сатып алған екі ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты. Келіспеген олар аппеляциялық шағым түсіргенімен, сот алқасы өзгеріссіз қалдырды.


Мейрамгүл ӨТЕҒҰЛОВА – ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Сот үкімімен бір сотталушы 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, қалған 4 сотталушыға қылмыстық кодекстің 55-бабының 4-ші бөлігінің қолдануымен шартты түрде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.