Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Бағаны тұрақтандыра алмаған әкімдердің мәселесін жеке қараймын", - О.Бектенов

12.03.2024ж. 20:00
381
"Бағаны тұрақтандыра алмаған әкімдердің мәселесін жеке қараймын",  - О.Бектенов

"Егер өңірлер жергілікті жерде инфляцияны төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдамаса, тиісті шешім қабылдау үшін маған дереу баяндауыңызды сұраймын". Олжас Бектенов Үкімет отырысында орынбасары Серік Жұманғаринге осындай тапсырма берді. Биыл инфляция көрсеткіші 8%-дан аспауы тиіс. Жыл басынан бері төмендеді дегеннің өзінде 9,3% болған. Қымбатшылық бойынша көш басында Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр. Олжас Бектенов бұған жергілікті әкімдіктер қабылдаған шаралардың жеткіліксіздігі себеп деді. Бағаны тұрақтандыра алмаған әкімдердің мәселесін жеке қарайтынын айтты.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Осы бағыттағы жұмыста тұрақтандыру қорлары, форвардтық және оффтейк-келісімшарттар, өнім құнын арзандатуды субсидиялау, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша сауда субъектілерімен келісімдер жасау сияқты пәрменді тетіктерді белсенді пайдалану керек.