Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Өңірлерге 60 мың дана қоқыс салғыш пен 900 арнайы техника қажет", - министр

12.03.2024ж. 20:00
322
"Өңірлерге 60 мың дана қоқыс салғыш пен 900 арнайы техника қажет", - министр

Елімізде былтыр 4,1 млн тонна коммуналдық қалдық жиналса, соның тек 1 млн тоннасы сұрыпталып, қайта өңделген. Яғни қалдықтардың 24%-і ғана қайта кәдеге жарап жатыр. Бүгін үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев осылай деді. Ол қоқыстарды қайта өңдеу мәселесі ақсап тұрғанын жасырмады. Оған бір себеп – контейнер мен қоқыс таситын көлік тапшылығы. Бүгінде өңірлерге 60 мың дана қоқыс салғыш пен 900 арнайы техника қажет. Экология министрі мәселені шешуге бюджеттен 200 млрд теңге жұмсамақ. 

Ерлан НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

Үкімет қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды қаржыландырудың жеңілдетілген тетігін бекітті, ол – қоқыс таситын көліктерді сатып алуға, сұрыптау желілерін және қайта өңдеу қуаттарын салуға бағытталған. Қаржыландыру Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 3 жылдан 15 жылға дейінгі қарыз беру мерзімін және 3%-дықсыйақы мөлшерлемесін қарастырады.