$516.93 €542.52 ₽4.98
×

«AMANAT» партиясының мүшелері Алматы тұрғынына қымбат электрлі мүгедектер арбасын алып берді

13.03.2024ж. 20:00
1383
«AMANAT» партиясының мүшелері Алматы тұрғынына қымбат электрлі мүгедектер арбасын алып берді

«AMANAT» партиясының мүшелері Алматы тұрғынына қымбат электрлі мүгедектер арбасын ұсынды. Бұл- екінші топтағы мүгедек Валентина Команованың көптен күткен арманы. Оның арбасын біреулер ұрлап кеткен, содан бері еркін қозғалудан қалған. Үйдің ішінде қол арбасын пайдаланса, сыртқа шығу үшін міндетті түрде біреудің көмегіне жүгінетін. Осы күйінішін «AMANAT» партиясына жеткізген соң, мәселесі бір тәулік ішінде шешілгенін айтады. Электрлі мүгедектер арбасы партиялықтар мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қаражатына сатып алынды. Оның құны- шамамен екі миллион теңге.

Валентина КОМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қуанышымда шек жоқ. Құдды бір жаңа аяқтарға ие болған сияқтымын. Үйде де, сыртта да еркін жүремін. Бұл арбаға бірден үйреніп қалдым. Партиялықтардың мәселені тез арада шешіп бергеніне таң қалдым әрі қуандым.

Гүлсара МӘДІБЕКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұл кісіге креслоарба тек қана қолымен жүретін, үйдің ішінде жүретін арба ғана өзінің жеке бағдарламасы бойынша анықталған. Мына многофункциональный креслоарба бұл кіснің жеке бағдарламасына жүзеге асырылмаған. Сондықтан мемлекеттік органдардың, біздің «AMANAT» партиясының арқасында тез арада осындай креслоарба алып, өзінің алғысын білдірді.