Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Еріктілер қарттардың ауласын қар мен қарғын судан тазартты

13.03.2024ж. 20:00
870
Еріктілер қарттардың ауласын қар мен қарғын судан тазартты

Семейде ауа райының күрт жылынуына байланысты еріген қар суы тұрғындарды әбден әбігерге салды. Осыған байланысты «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты мүшелері қарттардың ауласын қар мен қарғын судан тазартты. Акция аясында 200-ден астам ерікті жас 60-қа жуық отбасыға қолғабыс етті. Апатты жағдайдың алдын алуға үлес қосып, қарияларға көмек қолын созған жастарға аға буын өкілдері алғысын білдіруде.

Қуат ТҰРСЫНҒАЛИЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қаламызда "ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында жалғызбасты қарияларға, көпбалалы аналардың үйіне көктемгі су басу, аулаларын тазарту, қысқы қарды тазарту жұмыстарын жүргізудеміз. Жалпы бұл акцияға қаламыз бойынша жоғарғы оқу орындарының, колледждердің студенттері, жұмысшы жастар арасында волонтерлар құрылып, осындай акцияны бастаудамыз. Жалпы барлық қала жастарын осындай акцияларға белсене қатысуға шақырамыз.