$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Атамекен елді мекенінде балалар апатты мектепте оқуға мәжбүр

13.03.2024ж. 20:00
719
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Атамекен елді мекенінде балалар апатты мектепте оқуға мәжбүр

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Атамекен елді мекенінде балалар апатты мектепте қыстырылып-қымтырылып білім алуда. Ал ауылда былтыр пайдалануға берілуі тиіс жаңа мектептің құрылысы әлі аяқталмаған. Мердігерлердің де, жергілікті биліктің де сылтауы көп. «Amanat» партиясының бақылау комитетінің өкілдері осы секілді бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандардан кұрылысынан қыруар кемшілікті анықтады.

Атамекен ауылындағы мына мектептің ғимараты 80 жылдан астам уақыт бұрын салынған кәдімгі барак үй. Ішіне 40- ақ, бала сияды, қазір мұнда 90-дай оқушы оқып жатыр. Ауылдықтардың айтуынша, мектеп деген аты болмаса білім алуға тым қолайсыз. Екі жыл бұрын ауылда 150 орындық жаңа мектептің құрылысы басталған. Былтыр пайдаға берілуі тиіс еді, бірақ әлі сыланған да жоқ.

Меруерт ЕЛГЕЗЕКОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Жағдай жоқ, тар кішкентай. Бізде столовая жоқ, ештеңе жоқ. Үйден алады тормозок бәрін тасиды, спорт зал биттей. Шаралар болғанда әрең сиямыз. Мектепті біз былтыр сентябрьде күткенбіз. Оны қосқан жоқ. Енді биыл сентябрьде күтіп отырмыз. Даже мұғалімдер күтіп отыр.

Құрылыс алаңын «Amanat» партиясының бақылау комитетінің өкілдері тексерді. Жұмыс тоқтап тұр. Жауапты мердігерлер бөлінген қаржыны игере алмаған. Инфрақұрылымның дер кезінде салынбауынан мектеп пайдаға берілмей отыр екен.

Дәурен БИЖҰМАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ПБК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мектептің құрылысы тым кешеуілдеген. 2023 жылы желтоқсанда пайдаға берілуі тиіс еді. Қазіргі мектеп болса апатты жағдайда тұр. Жауапты екі мердігердің бірі сараптаманы уақытында өткізбеген, инфрақұрылымды салмапты. Салдарынан жылу, жарық тартылмаған. Біз сәуір айында өтетін көшпелі отырыста «Жол картасына» жауапты аудан және облыс әкімі, мәслихат депуттаттары, партия мүшелерінен себептерін анықтап ескертулер, ұсыныстар жасаймыз. Үкіметке де ұсыныстар жолдаймыз. Жауапты лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

Бұқар жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылындағы клубтың да құрылысы кешеуілдеп отыр. 10 мыңға жуық, халқы бар ауылдың кішкентай тұрғындары мұнда түрлі үйірмелерге катысуы тиіс еді. Армандары орындалмады. Ал мердігерлер мен жергілікті шенеуніктер республикалық бюджеттен қаржы кеш бөлінгенін айтады.

Нұрлан ЕСЕНТАЕВ, БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аудандық бюджеттен акша бөліп проектіні бастадық. Одан кейін бұл объект «Ауыл- ел бесігіне» кірді. Ауыл- ел бесігіне кіргеннен кейін жаңағы финансирование полностью респбликадан болды. Екі жылға бөлінген, 23, 24.

Димаш СҮЛЕЙМЕНОВ, МЕРДІГЕР:

Ол подрядчиктің, мердігердің сұрағы емес жаңағы кісілердің айтып отырғаны ол кісілер заявка береді ғой, сосын республикалық бюджеттік комиссия қарастырады, 23 жылы бөлінсе сәйкесінше біз 23 жылы мердігерлік шартқа отырамыз. егер бюджеттік комиссияның қарауы бойынша 24 жылы бөлінсе сәйкесінше 24 жылы аяқталады.

Доскей ауылындағы клубтың құрылысы уақытылы жүріп жатыр. 200 орындық мәдени нысан дер кезінде іске қосылады деп жоспарлануда. Ауылдықтар оны асыға күтуде.

Ерболат ТОҚМЫРЗА, БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ДОСКЕЙ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Іс- шаралар мерекелік мектепте, библиотекада өткіземіз. Ауылдың сұрауы бойынша осы клуб Доскейде болмағандықтан, аудан, Қарағанды облысының әкімі бізге қаражат бөліп құрылыс бөліміне бізде осы кулб салу басталды.

Партиялық бақылау комитетінің өкілдері құрылыста қателіктер жіберген атқарушы орган басшылары мен мердігерлерге ескертулер жасады. Оның нәтижесі сәуірде өтетін көшпелі отырыста қайта тексерілмек. Ол кезде аудан және облыс әкімі мен мәслихат депутаттары есеп береді.