$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі негізгі криптохабқа айналуы мүмкін

13.03.2024ж. 20:00
765
Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі негізгі криптохабқа айналуы мүмкін

CANAAN компаниясы Қазақстан блокчейн-технологиялар қауымдастығына мүше болды. Басқарма төрағасы Дәурен Қарашев CANAAN CONVEY вице-президенті Дэвис Хуэймен кездесуінде келісімге қол қойды. Басқосуда цифрлық майнингке арналған жабдықтарын сапалы жаңарту, «халвинг» қарсаңында олардың жұмысының тиімділігін жақсарту, бір мезгілде көміртегі ізін азайта отырып, энергия тиімділігін арттыру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Дэвис Хуэймен Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі негізгі криптохабқа айналуы мүмкін деп бағасын берді.

Дәурен Қарашев, ҚАЗАҚСТАН БЛОКЧЕЙН-ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ДАТА-ОРТАЛЫҚТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

CANAAN мен серіктестік бізге зор мүмкіндік береді. Біз жасыл энергетикаға басымдық беру арқылы цифрлық майнерлерді үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету, цифрлық майнингке арналған ең жаңа жабдықтарды пайдалану есебінен көміртегі ізін қысқартамыз. Бұл біз үшін үлкен жетістік.