Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Атырау-Астрахань» тас жолы құрылысына техникасын жалға берген кәсіпкерлер бір жылдан бері ақшаларын ала алмай жүр

13.03.2024ж. 20:00
314
«Атырау-Астрахань» тас жолы құрылысына техникасын жалға берген кәсіпкерлер бір жылдан бері ақшаларын ала алмай жүр

«Атырау-Астрахань» тас жолы құрылысына техникаларын жалға берген кәсіпкерлер бір жылдан бері ақшасын ала алмай жүр. Олардың алды 7-8 миллион теңге болса, кейбірі 65 миллион теңгеге дейін алашақ Бірақ мердігер «Прогрессити» компаниясы басшылығы тек құр уәдемен алдарқатып келеді,- дейді әбден қажыған кәсіпкерлер. Құрылыс компаниясы неге ақшасын бермей жүр? Бұл сағызша созылған атышулы «Атырау-Астрахань» жолының құрылысына әсер ете ме? Тілшіміз анықтап көрді.

Құраш Есенов жол құрылысына автогрейдерін жалға берген. Техникаларды үйін кепілге қойып алыпты. Соңғы айларда несие төлеуге жағдайым болмай қалды,- деген ол астындағы баспанасынан айырылып қаламын ба деп қорқады. Былтыр сәуірден бері 10 миллион 500 мың теңгесін ала алмай жүр.

Құраш ЕСЕНОВ, КӘСІПКЕР:

Прогресс Ситиға бердік договор бойынша. Былтыр сәуірден бастап. Содан биылғы жылға дейін ешқандай ештеңе алған жоқпыз ғой. Біздің де семьямыз бар деген сияқты. Налог бар төлейтін. Қазавтожол ақшаны бердік дейді. Тодини біз оларға ақшаны бердік дейді Прогреске. Ал Прогрестің ақшасы жоқ төлейтін. Олар келіп Тодинни бізге бережақ дейді. Кім кімге бережақ екенін білмейміз.

Мирас ИЩАНОВ, КӘСІПКЕР:

Мен былтырдан бері майдың 15-інен бастап жұмыс жасадым. Договормен «Прогресс» деген мекемеде. Содан биыл 24 қой, содан бері ақша берген жоқ әне береміз, міне береміз деп ай сайын соза береді ғой. Бір тиын ақша алған жоқпын. Бірақ екі ай жарым жұмыс жасап тастадым 2 самосвалмен. 7 миллион жарым алажағым бар. Екі Камазбен жұмыс жасадым. Шөпір жалдадым. Оларға жалақыны қалтамнан төледім.

Атырау-Астрахань жолына техникаларын жалға бергендердің саны қырықтан асып жығылады. Бәрінің қолында келісім-шарттары бар. Кейбіреулер жұмысын қойып, басқа жұмыс іздеп кеткен. Ал көпшілігі әлі күнге бас мердігер «Тодини» компаниясын жағалап жүр.

Забаиоллан ЗАРУНИ, «TODINDI» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Бізге тапсырыс берушіден 4-5 ай бойы ақша түскен жоқ. Енді ғана беріп жатыр. Сондықтан біз «ПрогресСити» компаниясынан кімге қанша төлеу керектігі туралы тізім алдық. Таңертеңнен бастап жайлап төлеп бастап жатырмыз. Бірақ қарыздың қанша пайызын төлейтінін айта алмаймын. Басшы да, есепші де мұнда отырмайды. Адамдар ақшасын ала алмай жүргендіктен, осындай шешім қабылдадық.

Жағдайдан облыс атқамінерлері хабарсыз. Республикалық бюджет қаржысына салынып жатқандықтан құзырымыз жүрмейді,- дейді. Ал тапсырыс беруші «Қазавтожол» Ұлттық Компаниясының Атыраудағы басшылығы да уақытының жоқтығын айтып жағдайды түсіндірген жоқ. Айта кетейік, 40 жыл жөндеу көрмеген халықаралық маңызы бар Атырау-Астрахань жолы қайта-қайта кейінге шегеріліп, халық арасында «тозақ жолы» аталып кеткен.Жоспарынан жаңылмаса, биыл толық пайдалануға берілуі тиіс.