$453.87 €508.33 ₽5.65

Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі

02.11.2026ж. 14:00
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі
Фото: PhotoBuildings

5–7 қараша аралығында Астананың бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды  Astana TV. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің хабарлауынша, елордада ауқымды халықаралық саяси іс-шаралардың өтуіне байланысты 5–7 қараша аралығында қаланың кейбір көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Сонымен қатар 1 қарашадан бастап Астана аспанында әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары жоспарланған.

Іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу үшін Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен техникалары жұмылдырылады.