Оқушылар насыбай атып жүр. 4-5 сынып оқитын балалар психотропты затқа құмартып алған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы айтты. Негізі бізде оған заңды түрде тыйым салынған. Соған қарамастан сауда орындары мен базарларда сауда қызып тұр. Халықтың 10 проценті тұтынады. Дабыл қаққан депутат заңды қатаңдатып, насыбайдың құрамын жіті зерттеуді ұсынды.
Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Әдетте, оның құрамында химиялық заттар, әк, сексеуіл, арша, тобылғы ағаштарының күлі болады. Уытын арттыру үшін тауықтың саңғыры, түйенің тезегі де қосылады екен. Насыбайды мұқият зерттеген мамандар бұдан бөлек, оған есірткі мен психотропты заттардың да қосылғанынанықтаған.