Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Енді аса ауыр қылмыс жасағандар айыппұл төлеп босатылуы мүмкін

13.03.2024ж. 20:00
615
Енді аса ауыр қылмыс жасағандар айыппұл төлеп босатылуы мүмкін

Енді аса ауыр қылмыс жасағандар ақша төлеп боспандыққа шыға алады. Тек адам өлтірмесе болды. Мұндай шешім жаңа заң жобасы шеңберінде қабылданбақ. Сондай-ақ, алқабилердің құзыретіне қатысты біраз өзгеріс енгізілуі мүмкін. Бұдан былай олар судьясыз шешім қабылдайды. Яғни соңғы нүктені қояды. Бұл шешім әділетсіздік пен жемқорлыққа алып келмей ме? Заманауи билерді кім іріктейді? Құрамында кімдер болады? Аружан Задабек түсіндіреді.

Бізде бір-біріне қарама қайшы келетін заң көп. Қылмыстық кодекстің бір бабымен адамды соттаймыз, екіншісімен қорғап аламыз. Шикіліктің көп екені анық. Жауаптылар осыны ескерді ма екен, қайдам, әйтеуір жаңа норма жасауға кірісті.

Ринат ЗАЙЫТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазір Қазақстанда кез келген адамды көшеден алып кете салып, қамай алатын ІІМ бар, оған жоқ жерден айып тағатын Прокуратура бар, оған шешім шығара салатын Сот бар. Осы орайда “Әділетті Қазақстан” орнатуды қашанға жоспарлап отырсыздар?

Депутаттың айтатындай-ақ бар. Еш кінәсі болмаса да түрмеге қамалғандар жоқ емес. Жаңа нормада бұл мәселе де қамтылған. Енді қылмыстық істерді негізсіз тіркеуге жол берілмейді. Нақты дәлел болуы тиіс.

Әсет ШЫНДАЛИЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Дәлел болмаса, өкілетті органдарға сол қорытынды жіберіледі. Нәтижесінде өкілетті орган оны тексеріп, ол да қорытынды шығарады. Бұл қорытындыны кейін сотта даулауға болады. Сот дауды шешпегенше қылмыстық істі қозғауға жол берілмейді.

Енді сотқа алқабилер қатысса, нақты шешім шығару солардың құзырына өтеді. Процеске 11 алқаби қатысады. Олар соңғы нүктені дауыс беру арқылы анықтайды. Кеңеске судья қатыса алмайды. Өз ойында қоспайды. Билердің нұсқасы қабылдауға мәжбүр. Алқабилердің сотқа қатысу, қатыспауын сотталушы шешеді. Бір ғана мысал. Күні кеше атышулы Қуандық Бишімбаев сотқа билердің қатысуын сұрады. Сәйкесінше, судья оның өтінішін қабылдады.

Абзал ҚҰСПАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Алқабилер басым дауыспен қандай шешім қабылдайды, сот сол үкімді жариялауға мәжбүр. Егер қысқаша айтатын болсақ, судья есебінде бұл жерде. Сол себепті оларды сатып алуға заңмен тыйым салынған. Олар осы жұмысқа қатысу барысында, олардың жұмысына кедергі келтіруге болмайды.

Ал аса ауыр қылмыс жасағандар айыппұл төлеу арқылы бостандыққа шыға алады. Тек адам өлтірген қылмыскерлерге мұндай жанашырлық жоқ. Бұл тізімге подафильдерде кіруі мүмкін. Біраз адамды осы мәселе алаңдатып отыр. Арасында Асхат Аймағамбетов те бар. Депутат азғындар ешқашан өзгермейді, - дейді.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бірнеше апта бұрын өте маңызды заңды қабылдадық. Ол – педофилдерді өмір бойы бас бостандығанын айыру. Олар енді өмір бойы түрмеде отыруы керек. Бірақ бұл норма мұның алдында сотталған педофилдерге қатысты болмайды. Яғни алдында сотталғандар бостандыққа шыға береді. Біз бұған бір норманы ұсындық: енді бостандыққа шығатын педофилдерге әкімшілік қадағалау немесе пробациялық бақылауды енгізу.

Жаңа нормада бұдан өзге өзгеріс көп. Адвокаттардың мәртебесін көтеру көзделген. Бірақ қорғаушы БАҚ-на сұқбат бере алмайды. Алдымен прокурордан рұқсат алуы тиіс. Ал сотқа жеткен іс қайта тергеу үшін кері қайтарылмайды.