Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Милад Каримидің Бакудегі финалдан неліктен бас тартқаны белгілі болды

AstanaTV
14.03.2024ж. 19:35
656
Милад Каримидің Бакудегі финалдан неліктен бас тартқаны белгілі болды

Спорттық гимнастикадан Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен әлем кубогі кезеңінде Милад Карими еркін жаттығудан финалға шығып, кейін жарыстан бас тартты. Мұның себебін кейін бас бапкер Александр Ким түсіндірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бапкердің айтуынша, Милад жаттығу кезінде жарақат алып қалған.

"Милад Карими еркін жаттығудан финалға төртінші орынмен шыққан еді. Бірақ қол тіреп секіруден іріктеу кезінде жерге дұрыс түспей, табанын ауыртып алды. Бапкерлер ақылдаса келе, Миладты жарыстан шығарып аламыз деп шештік", - дейді Ким.

Милад Карими еркін жаттығудан әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ол Париж Олимпиадасына жолдама мәселесін де әлемдік сында шешіп қойған.