Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

AstanaTV
14.03.2024ж. 21:08
1602
Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

"Қазгидромет" болжамы бойынша, 14 наурызда сағат 16.00-ден 15 наурыз күнгі сағат 4.00-ге дейін Алматыда 8-10 сантиметрге дейін қар аралас жауын-шашын болады деп күтіледі.

"Қардың түсуіне, жолдың нашар көрінуі және жолдардағы көктайғақ құбылыстарына байланысты автокөлік жүргізушілерінен жылдамдықты азайтуды, тежеуге бірден жүгінбеуді, қашықтықты, аралықты және маневр жасау ережелерін сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоймауға кеңес беріледі. Жаяу жүргіншілер тротуарлармен жүру кезінде абай болулары тиіс, белгіленген жерлерде көшелерді кесіп өту керек", - делінген хабарламада.