«Бізбен бірге бол!» Қазақстанның коммунистік халық партиясының белсенділері мен партияның жастар қанаты осындай атаумен бірегей науқан өткізді. Осылайша өз қатарларына ортақ ойлы, жаңа мүдделестерді тартпақ. Партия қатарын толықтырудың ерекше әдісі Алматыдағы кеңседен бастау алды. Жас белсенділер өз қолдарымен қағаздан қызыл тырналар жасап, қызғалдақтар пішінінде оригами құрады. Үгіт шарасы үшін бұл бейнелердің таңдап алынғаны бекер емес. Олар біз үшін марксизим-ленинизм идеясының көрінісі, - дейді, партия мүшелері. Халық коммунистері бүгінгі шарадан соң өз қатарларының көбейетініне сенімді. Шара соңы дәстүр бойынша партияның «Біздің ортақ ісіміз үшін!» сайлауалды ұранынымен аяқталды.
Магеррам Магеррамов, ҚКХП атынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер:
Осындай флешмобтар ұйымдастыру арқылы біз сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасын жеткізгіміз келді. Тырна мен қызғалдақтың мәні тереңде. Бірі адами қасиеттердің символына айналған қасиетті құс, бірі жаңару мен махаббаттың хабаршысына айналған гүл.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА