$474.72 €515.17 ₽5.58
×

«НұрОтан» партиясын қолдаушылар форумы өтті

AstanaTV
02.03.2016ж. 20:00
1539
«НұрОтан» партиясын қолдаушылар форумы өтті

«Бірлік, тұрақтылық пен жасампаздық үшін!»Талдықорғанға ат басын бұрған «Нұр Отан» партиясы белсенділері осы ұран аясында  форум өткізді. Бес жарым мыңдай тұрғын қатысқан шара қазақстандықтарды елде тұрақтылық пен бірлікті сақтауға үндейді.  Қазір жол құрылысын меңгерген мамандарға сұраныс жоғары. "Нұрлы жол" бағдарламасы аталған кəсіп иелерін тұрақты жұмыспен қамтуға кепіл болып отыр. Мәселен, ірі жобалардың бірі- Алматы-Өскемен тас жолы құрылысына жұмылған азаматтар өз ісіне разы. Бағдарламаның арқасында екі қолға бір күрек тапқан. Олар берілген зор мүмкіндіктер үшін Президентке алғыс білдірді.                                                     

 Жеңіс Ахметбеков, Талдықорған қалалық емханасының дәрігері:  

Барша қазақстандықтарды, бірлік, татулық, жасампаздық үшін дауыс беруге шақырамыз. Бұл үш негіз Қазақстанды табысқа жетелеп, келешегімізге нұрлы жол ашпақ

Марат Бопазов, «Нұр Отан» партиясы республикалық сайлауалды штабының мүшесі:  

«Елбасының Жолдауының арқасында 2018 жылға дейін республика бойынша 205 млрд теңге ақша бөлінеді.  


Базаргүл ОТЫНШИЕВА