$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Енді әйелдер де әскерге баруға міндеттелмек

AstanaTV
15.03.2024ж. 14:12
670
Енді әйелдер де әскерге баруға міндеттелмек

Дания үкіметі әйелдер үшін міндетті әскери қызметті енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Дания үкіметі гендерлік теңдікті толықтай қамтамасыз етуді қалап, осындай жаңашылдықты ұсынды. Премьер-министр Метте Фредериксен алдағы бес жылда қорғаныс шығындарын қырық миллиард даниялық кронға арттыруды көздейтін жоспарды таныстыру аясында тиісті мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар Фредериксен әскери қызмет мерзімін 4 айдан 11 айға дейін ұзартуды ұсынды.

Гендерлік теңдік қорғаныс саласын заманауи әрі әртүрлі бағытта дамытатынына күмәніміз жоқ, - деді М. Фредериксен.

Қорғаныс бөлімінің жоспарына сәйкес 2026 жылдан бастап жыл сайын 5000 ер мен 5000 әйел шақырылады. 2023 жылдың басында Данияның қорғаныс министрі Якоб Эллеман-Йенсен Дания әскері әлсіз екенін айтып, әйелдерді де міндетті әскери қызметке шақыратынын айтты.