Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қазақ тіліне қамқорлық танытып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді

AstanaTV
15.03.2024ж. 15:52
444
Қазақ тіліне қамқорлық танытып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында қазақ тіліне қамқорлық танытып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.

"Қазақ тілі қоғамы" туралы ерекше атап өткім келеді. Қазір Ұлттық Құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлы бастаған жаңа буын өкілдері ұйым тізгінін қолға алды. Мен қоғамның "Qazaq tili" эндаумент қорын құру туралы ұсынысын қолдадым, - деді ол.

Президент осы жақсы бастаманы қолында қаржысы бар азаматтар жалғастырып әкеткенін де сөз етті.

Тілімізге қамқорлық танытқан жандарға ерекше ризашылығымды білдіремін. Қалталы, жанашыр азаматтар қорды ұлғайтуға үлес қосады деп сенемін. Мен экономиканы дамыту үшін “Креативті индустрияның” мән-маңызы зор екенін үнемі айтып жүрмін. Бұл мемлекеттік тілдің болашағы үшін де өте маңызды. Қазақ тілін дамытамыз десек, қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерді барынша тиімді пайдаланған дұрыс, - деді Мемлекет басшысы.