Өрттің шығу себебі анықталуда
Шымкент қаласының Абай ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтер балконында үй заттары өртенді, деп хабарлайды Astana TV.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті 2,5 шаршы метр аумақта жедел сөндірді. Жалынның жоғарғы қабаттардағы балкондарға таралуына жол берілген жоқ.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ ескертеді: өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаңыздар. Балкондарда тез тұтанатын заттарды сақтамаңыздар және электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеңіздер!