Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"AMANAT" партиясы оралдық жеткіншектерге әдемі демалыс ұйымдастырды

15.03.2024ж. 20:00
412
"AMANAT" партиясы оралдық жеткіншектерге әдемі демалыс ұйымдастырды

Бала бақыты - қоғам бақыты. "AMANAT" партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы ата-ана мейірімінен тысқары қалған қамкөңіл балаларды бір қуантты.

Мемлекеттің қамқорлығындағы ұландар отбасылық үлгідегі балалар ауылында тұрып жатыр. Партиялықтар жеткіншектерді спорттық-туристік орталыққа апарып, әдемі демалыс ұйымдастырды. «Сиқырлы сандық» республикалық акциясы және «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында олар ұлттық спорттың қыр-сырымен танысты. Балалар австриялық түйеқұс, тазы ит пен пониді қызықтап, атқа отырып үйренді. Олардың ішінде жылқы малын алғаш рет көрген жасөспірімдер де бар.

Дина ШӘКИ ОТБАСЫЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:

Бүгін бірінші рет атқа міндім. Мінгенде басында қорықтым. Бірақ бір айналғаннан кейін өте жақсы.

Мамандардың айтуынша, атқа отыру адам ағзасы үшін аса пайдалы. Жүрісі жайлы жылқымен сейілдеу емдік жаттығуға бергісіз. Тіпті Даун синдромы, аутизм, церебралды паралич секілді ауыр дертті жеңілдетуге болады екен. Бұдан кейін оқушылар садақ атып, мергендік сынасты. Партиялықтар Әз Наурызды тойлауға арналған 10 күнді барынша көңілді өткізуді көздеп отыр. Бұл ретте балалар ғана емес, қариялар мен мүгедектерді де мерекемен құттықтап, қуанту жоспарланған. 

Нұрболат ИСМАҒҰЛОВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Балаларға өте тамаша ұнап жатыр. Бәрі көңілді. Балалар келіп осы жерге аттарға сәбіз беріп, энергиясын алып жатыр деп есептеймін. Балалардың өздері өте қуанышты. Бүгінгі күнін сәтті өткізіп жатыр.