Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Еліміз көрші елдерге гуманитарлық көмек көрсетіп келеді

15.03.2024ж. 20:00
333
Еліміз көрші елдерге гуманитарлық көмек көрсетіп келеді

Қазақстан басына қиын іс түскен мемлекеттерге қолдан келген көмегін аяп көрген емес. Оған кейінгі жылдың ішінде ғана жан-жаққа жөнелтілген гуманитарлық жүктер дәлел. Көмектің басым бөлігі Орталық Азиядағы іргелес елдерге көрсетілген. Мәселен, 2021 жылы Қазақстан Қырғызстан Тәжікстан және Ауғанстан елдеріне 13,9 млн доллардың гуманитарлық көмегін көрсеткен. Ал 2022 жылы 23,4 млн доллардың тауарын Пәкістан , Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан елдеріне жолдаған. 2023 жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін 62,7 млн доллардың гуманитарлық көмегін Пәкістан, Түркия , Сирия, Тәжікстан және Ауғанстан елдеріне жөнелткен. Сондай-ақ, Түркиядағы жер сілкінісі кезінде де еліміз сырт қалмады. Бауырлас елге көмек ретінде 1 млн доллар бөлді. Бұдан өзге, қазақстандықтар зілзаладан зардап шеккендерге 3,6 млн доллардан астам қаражат жинап берді. Ауғанстандағы жер сілкінісі кезінде де алғашқылардың бірі болып гуманитарлық көмек жіберді.