Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына волонтерлерді іріктеу басталды

AstanaTV
15.03.2024ж. 19:09
458
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына волонтерлерді іріктеу басталды

Биыл күзде елордада өтетін V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына волонтерлерді іріктеу жүріп жатыр. Бұл туралы «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің маманы Айзат Әбибуллақызы мәлім етті.

«Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына волонтерлерді іріктеу басталды. Олар арнайы сауалнама толтырады, соның негізінде волонтерлердің жас ерекшелігі мен осы саладағы тәжірибесі анықталады», - деді Айзат Әбибуллақызы Kazinform агенттігі тілшісінің сұрағына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 500-ден астам волонтер тартылмақ.

«Бүгінде елордадағы жастар орталығында 6 мыңнан астам волонтер бар. Сондай-ақ, орталық базасында волонтерлер мектебі жұмыс істейді, ол жерде еріктілер қатарына енді кіргендерге осы қызмет бойынша сабақтар өтеді», - дейді ол.