Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қызылордада синтетикалық есірткі затын сақтаған тұрғын сотталды

AstanaTV
16.03.2024ж. 07:52
416
Қызылордада синтетикалық есірткі затын сақтаған тұрғын сотталды

Қызылорда қалалық соты синтетикалық есірткі затын сақтаған 37 жастағы тұрғынға үкім шығарды.

Қызылорда облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2023 жылдың сәуір айында Қызылорда қаласында «Ravon-R4» автокөлігінен есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тәркілеген еді.

«Зерттеу сараптамасымен тәркіленген зат 2,78 грамды құрайтын психотроптық зат екені расталды. Психотроптық заттын иесі оны тауып алғанын айтты. Содан кейін оны достарымен бірге қолданғанын айтып, өзінің кінәсін мойындады. Өкінетінін жеткізіп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Соттың үкіміне сәйкес, оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.