Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қарағанды облысында балалар жаппай көкжөтел жұқтырып алып жатыр

AstanaTV
16.03.2024ж. 12:25
542
Қарағанды облысында балалар жаппай көкжөтел жұқтырып алып жатыр

Қарағанды облысында балалар арасында коклюш, яғни көкжөтел жұқтырғандар саны артып барады. Тіпі ауруы асқынған бір бүлдіршін жансақтау бөліміне жатыр, деп хабарлайды КТК.

Дәрігерлер кішкентай науқастардың 80 пайызы кезінде екпе салдырмағанын айтады. Көкжөтел жұқтырғандар былтыр күзден бастап тіркеле бастаған. Жаңа жылдан бері, тіпті қарқын алыпты. Бүгінге дейін 48 бала ауырған. Көбі емделіп щыққан. Қазір ауруханада алты бала жатыр. Біреуінің жағдайы ауыр. Оған ұзақ уақыт диагноз дұрыс қойылмай ауруы асқынып кеткен. Өйткені көкжөтелді көбінесе кәдімгі тұмаумен шатастырады.

Балаға қатты әсер ететін кесел дендесе, өкпе қабынып, ауа жетпей, ми зақымдалады. Екі жасқа дейінгі бала тоқтамай жөтелсе, қабырғасы сынатын көрінеді. Тыныс алу жолдары бітелсе, тек жансақтау бөлімінде емдеу керек. Үйде емделуге тыйым салынады. Дәрігерлер бұл — бала туғаннан кейін 18 айға дейін көкжөтелдің екпесін салдырмаудың салдары екенін айтады.