Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астанада Наурыз мерекесіндегі қоғамдық көліктің жұмыс кестесі белгілі болды

AstanaTV
16.03.2024ж. 11:00
450
Астанада Наурыз мерекесіндегі қоғамдық көліктің жұмыс кестесі белгілі болды

Астанада алдағы Наурыз мерекесі күндері қоғамдық көлік қалай қатынайтыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ CTS компаниясына сілтеме жасап.

Мереке күндері елорданың қоғамдық көлігі келесідей жұмыс істейді:

21, 22, 23, 25 наурыз күндері сенбі күнінің кестесімен;

24 наурызда жексенбі күнінің кестесіне сәйкес жүреді.

Жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін.

Сапарларыңызды жоспарлау барысында осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.

Қала маңы бағдарларының жүру кестесін CTS-тің Instagram парақшасынан қарауға болады.