Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматы облысында екі полицей адамды азаптады деген күдікпен ұсталды

AstanaTV
16.03.2024ж. 16:05
723
Алматы облысында екі полицей адамды азаптады деген күдікпен ұсталды

Алматы облысында екі полиция қызметкері адамды азаптады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас прокуратура қызметкерлері Алматы облысының бұрынғы полиция қызметкерлерін ұстады.

42 жастағы полиция подполковнигі Тұрпанбаев Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ОПБ бастығы қызметін атқарған. Ал 37 жастағы полиция майоры. Сопақов Қарасай ауданы бойынша аға инспекторы болған.

Олар қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігі “Азаптау” бойынша айыпталып жатыр. Мұндай бұзушылық үшін оларды 5 мың АЕК (18,4 миллион теңге) айыппұл немесе алты жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жаза күтіп тұр.

Екі полицей де Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.