Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Сәуірде де жер сілкінісі болуы мүмкін". Қазақстандық астролог болжамын айтты

AstanaTV
16.03.2024ж. 17:00
23465
"Сәуірде де жер сілкінісі болуы мүмкін". Қазақстандық астролог болжамын айтты

Наурыз қазақ үшін ең маңызды айдың бірі. Тіпті биыл көктем мерекесі жаңа форматта тойланады. Әр айдың өзіне тән сипаты бар. Ал наурыз айы қандай болады? Мерекеге толы айдың қандай болатынын қазақстандық астролог Александра Обыскалова Massaget.kz тілшісіне айтып берді.

Наурыз 2024 қандай болады?

Маманның айтуынша, Қытай метафизикасы бойынша Ба Цзы тұрғысынан наурыздың энергиясы қояндағы от айы. От қояны айының энергиясы тыныштық болғанымен, жануар өте тез, белсенді әрекет еткенді жөн көреді, сондықтан наурыз ауа-райы, денсаулық, адамдар арасындағы қарым-қатынастың дамуына қатысты кез келген жағдайдың тез өзгеруімен таңғалдыруы мүмкін.

"Наурызда өзіңізге жақсы баға беруге, жеке құндылықты ақтауға тырысу керек. Өйткені қоян өте жұмсақ жануар, салдарынан өзіне құрметсіздік танытқандарға артық сөйлемейді. Қоян жанжалды ұнатпайтын жануар болғандықтан, адамдар жеке шекарасын қорғай алмауы мүмкін. Дегенмен, қоянда ағаш энергиясы бар, бұл адамдарға дипломатиялық қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді", - деді маман.

Қоян айында қайырымдылықпен айналысып, жақындарына көмектесіп, бұрын жылу көрсетпеген адамдарға ерекше назар аударған жөн. Ағаштың энергиясы адам бойындағы дарынды шығарып, оны дамытуға көмектесетіндіктен, жұмыс, кәсіп пен мақсатқа жету жолында жоспарды шыңдау қажет. 

"Екінші жағынан, айдаһар мен қоянның қарым-қатынасы айтарлықтай жақсы емес, бұл өз кезегінде адамдардың арасына да әсер етеді. Адамдар өзін ешкім түсінбейтіндей сөзінеді, сенімді қарым-қатынас орнату қиынға соғады. Бұдан бөлек, адам бойындағы жағымсыз қасиеттерін бақылауында ұстағаны дұрыс", - деді астролог.