Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Еліміздің тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды

AstanaTV
18.03.2024ж. 08:15
647
Еліміздің тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК 18 наурызда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде қатты жел тұрып, қалың тұман болатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, сондай-ақ Қарағанды қаласында да тұман болады деп күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман тұсуі ықтимал. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.