«Қазгидромет» 15 қарашаға арналған республикалық ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Astana TV.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Тек елдің оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз қолайлы ауа райы сақталады. Сонымен қатар республика аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді деп болжанып отыр.
Қызылорда облысының оңтүстік-батысы мен солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Жетісу облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.