Әрине, Дастан! Мынадай мерекелік атмосферада ән айтпау мүмкін емес. Халықтың көңіл-күйін өздеріңіз-ақ байқап тұрған боларсыздар. Міне, әдемі безендірілген пойыз да жолға шығуға дайын тұр. Мына транспортқа мінген жолаушылардың жолы болған екен. Менің де дәл қазір осыған мініп ауылға кеткім-ақ келіп тұр. Ерекше шара Ұлттық киім күнімен тұспа-тұс келген екен. Бұрымды қыздар мен бөрікті жігіттер қазақы нақыштағы шапандарын үйлестіріп киген. Соның бірі - .....
Пәленше Пәленшеқызы, өте әдемі болып тұрсыз. Үстіңізге киген шапанды қайдан алдыңыз, қандай ою бейнеленген?
Ұлттық киімді тек мерекеде ұлықтамай күнделікті киіп жүрсек, тіпті тамаша болар еді. Биыл ерекшелік көп. 14-нен бері мейрам ерекше сезіліп жатыр. Ұлыс күніне орай елордада 200-ге жуық іс-шара өтпек. Концерт, мерекелік бағдарлама, көрме, қойылым, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыс бәрі болады. Айта кетейік, мейрамға орай қосымша пойыздар жолға шығады. Сұраныстың артуына байланысты 3 бағытта транспорт жүреді. 237 қосымша вагон да қарастырылған. Дастан, мен мына көңіл-күймен әзірге жұмысқа қайтпайтын секілдімін. Эмоцияға беріліп пойызға мініп ауылға кетіп қалсам, жоқтығымды білдірмеңіз.