Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Елорда аруы» байқауының қатысушылары ұлттық киімдер фотосессиясын өткізді

«Елорда аруы» байқауының қатысушылары ұлттық киімдер фотосессиясын өткізді

Ал «Елорда аруы» байқауының қатысушылары қазақы нақыштағы киімдермен фотосессия жасады. Шараның мақсаты - ұлттық киім үлгілерін халыққа насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін жаңғырту. Сондай-ақ осы бағытта жұмыс атқарып жатқан дизайнерлерінің туындыларын халыққа кеңінен насихаттау.

Әліби ЖЕЛДЕРБАЕВ, «ЕЛОРДА АРУЫ» ДАРЫНДЫ ЖАСТАР АЛАҢЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл мереке қазақстандық талантты дизайнерлердің еңбегі мен жеңісі деп айтсақ болады. Сол кісілердің таланты мен еңбегінің арқасында қазіргі жастардың барлығы ұлттық нақыштағы киімдерді сәнге айналдыруда.

Бұл байқау елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. «Елорда Аруы» дарынды арулар алаңының кастингі былтыр қазан айында басталған. Оған 800 астаналық ару қатысып, 25-і финалға жолдама алды.

Айым ИМАШЕВА, «ЕЛОРДА АРУЫ» ДАРЫНДЫ ЖАСТАР АЛАҢЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

Қазіргі жастарға қазақ тілінде, қазақша киімдер, қазақша әшекей бұйымдар, қазақша бас киімдерді киіп жүру сәнге айналуда. Мен ойлаймын бұл деген керемет нарықтың бір түрі. Этномодерн дейді ғой, жаңашалап, әдемі киімде шығып жатыр.