Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Ұлттық сезім" флешмобына қатысушылар күн санап көбеюде

18.03.2024ж. 20:00
299
"Ұлттық сезім" флешмобына қатысушылар күн санап көбеюде

Ұлттық сезім – ұлттық рухтың көрінісі. Былтыр желтоқсанда қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған "Ұлттық сезім" флешмобы басталған еді. Акцияға қатысушылардың саны күн санап артып келеді. Ірі компаниялар мен жоғарғы оқу орындары, сондай-ақ, орта мектептердің мұғалімдері мен оқушылары да қолдау білдіруде. Жобаның басты мақсаты – салт-дәстүр мен мәдени мұраны сақтап, тарату, ұлттық киім қолөнері мен нарығын дамыту, сондай-ақ осы салада жұмыс істейтін жас дизайнерлер мен қолөнершілерге қолдау көрсету. 

Тастанбек ЕСЕНТАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүгінде бұл жобаны 100-ден астам компания, білім беру ұйымдары қолдап отыр. Қолдаушылар саны 20 мыңнан асады. Барлығыңызды бастамаға қолдау көрсетуге шақырамын.