Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Риддерде онколог психотроптық препаратты тағайындау ережесін бұзған

AstanaTV
18.03.2024ж. 22:55
343
Риддерде онколог психотроптық препаратты тағайындау ережесін бұзған

ШҚО прокурорлары психотроптық препараттарды беру кезінде ережелерді бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокурорлық тексеру барысында Риддер қаласының прокуратурасы «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК-де есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактісін анықтады.

«Трамадол» - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 наурыздағы №240 қаулысымен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын психотроптық заттардың тізіміне енгізілді. Оларды өткізу және беру онкологиясы бар науқасқа дәрігердің рецепті бойынша ғана жүзеге асырылады.

Аталған талаптарды бұза отырып, қалалық аурухананың онколог-дәрігері есірткі препаратын қайтыс болған онкологиялық науқасқа тағайындап, рецепт бойынша дәрі алуға рұсат қағазын психоактивті заттарды қолданудан зардап шегетін басқа адамға берді. Риддер қаласының прокурорымен есірткі заттарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ҚК 303-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, - делінген Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының хабарламасында.