Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Наурыз мерекесіне дайындық қызу", - тұрғын

20.03.2024ж. 20:00
209
"Наурыз мерекесіне дайындық қызу", - тұрғын

Астанада Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамына дайындық қызу жүріп жатыр. Мерекені тойлау үшін алаңға шамамен 5 мың адам келеді деген жоспар бар. Тек қала тұрғындары емес, алыс-жақын өңірлерден де қонақтар келуі мүмкін. 

Қалалық әкімдіктің жанындағы алаңда қарбалас. Өз жұмысына білек сыбана кіріскен жұмысшылар 8 киіз үй тігіп, орталықты безендіріп, сахна құрылысына кіріскен. Ұйымдастырушылар мерекені тойлауға шамамен 5 мыңға жуық тұрғын келеді деп жоспарлап отыр.

Әділ МҰХАМЕДЖАНОВ, САРЫАРҚА АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Наурыз тематикасында фотозоналар мен шағын сәулет орындарын орнатудамыз. 21-22 наурыз күндері бұл жерде жұлдыздадың қатысуымен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

 Бұл жерде балуандарымызға арналған бозкілем жайылады. Тұрғындар арасында күшін сынап көргісі келгендердің де белдесуге мүмкіндігі бар.

 Дамир ХИСМАТУЛЛИН, САРЫАРҚА АУДАНЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ЖӘНЕ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 Дайындық қарқынды жүріп жатыр. Қала қонақтары мен тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлау үшін жағдай жасаудамыз. Мәдени шаралардан бөлек күрес, қол күрес секілді ұлттық ойындардан тұрғындар мен қонақтар арасында сайыс болады. Барлық адамдарға қатыса алады.

Мерекелік шара қалалық алаңнан бөлек, Бәйтерек, Ехро, орталық саябақта, Қазақ елі монументінің жанында аталып өтіледі. Сондай-ақ, 30-ға жуық алаңқайларда тойланбақ. Ұлыстық ұлы күнінде "Батыс жәрмеңкесі", "Наурыз базары" секілді көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырылады.