Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қарағандыда жасөспірімдер арасында садақ атудан жарыс өтті

20.03.2024ж. 20:00
223
Қарағандыда жасөспірімдер арасында садақ атудан жарыс өтті

Қарағандыда жасөспірімдер арасында садақ атудан сайыс өтті. Оған 7 мен 18 жас аралығындағы балалар және жасөспірімдер қатысты. Олар жас ерекшеліктеріне қарай түрлі қашықтықта мергендіктерін сынайды. Жаттықтырушылардың айтуынша, 50 ден астам баланың көбі- қыздар. Ежелгі спорт түрін олар денсаулықтың кепілі санағандықтан немесе тарихтағы Томирис секілді ержүрек қыздарға еліктеп таңдайтын көрінеді. Бүгінде қарағандылық қыздар елімізде үздік нәтиже көрсетіп, әлемді бағындырып жүр. 

Зарина ОМАРОВА, САДАҚШЫ:

“Садақ ату өнері қыздарға жараса береді. Қыздар осы жамбы ату, садақ атуға более бейім келеді. Өйткені бұл жерде ешкіммен күреспейсің. Атпен шауып серкені көтермейсің, тек қана өзіңнің мергендігің және садақ. Бұл адамның денсаулығына пайдалы , арқасына еңсесін көтеріп ұстайды. Адамды сабырлыққа баулиды ”.