Байқау нәтижесінде кәсіби шеберлігімен, көшбасшылық қабілетімен және инновациялық жобаларымен ерекшеленген 100 студент үздік деп танылды, деп хабарлайды Astana TV.

Конкурсқа еліміздің барлық өңірінен 400 колледждің 5 мыңнан астам студенті өтінім берді. Байқау үш кезеңде, яғни колледжішілік, өңірлік және республикалық деңгейде өтті.

Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған конкурстың басты мақсаты - талантты жастарды қолдау, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және колледж студенттерінің жетістіктерін насихаттау. Байқауды өткізу жұмыстарын «Talap» КЕАҚ үйлестірді.