$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Көкпар - әлемде әйелдер қатыспайтын жалғыз спорт түрі

20.03.2024ж. 20:00
549
Көкпар - әлемде әйелдер қатыспайтын жалғыз спорт түрі

Ұлттық спорттың тең жартысына жуығында жылқы пайдаланылады. Әр қайсының тұлпары бөлек болады. Мәселен, аударыспақ, көкпарға епті аттар қажет болса, бәйгеде жылқының жүйріктігі маңызды. Оларды баптау әдістері де әртүрлі.

Көкпар десе делебесі қозбайтын қазақ жоқ. Қауіптілігіне қарамастан қызығушылық танытатындар азайған емес. Екінің бірі ат үстінде көкпар тарта алмайды.

Төлеген ЖҰМАТАЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Ең бастысы білек күші, тақымның мықтылығы, ептілігі, аттың үстінде өзін еркін сезінуі. Ат пен адамның қарым қатынасы.

Көкпар әлемде әйелдер қатыспайтын жалғыз спорт түрі. Тіпті жылқының билері де сайысқа түспейді. Жамбыл өңірде ұлттық спортқа деген көңіл ерек, бөлінетін қаржыда жыл санап көбейіп келеді.

Нұрдәулет МОМЫНОВ, ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН «ӘУЛИЕ-АТА» КӘСІПҚОЙ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

2023 жылы 275 млн бөлінсе жалпы клубқа, биыл 24-ке 325 млн бөлінді. Енді бұл жерде бізді негізгі чемпион болған балаларымызға жалақы береміз ғой. Әлем чемпионатына қол жеткізген.

Ұлттық спорттың тең жартысына жуығында жылқы пайдаланылады. Әр қайсының тұлпары бөлек болады. Мәселен аударыспақта арнайы үйретілген бойы биік, денелі ат мініледі. Ал теңге ілу спортында жылдамдық пен тепе-теңдікті сақтау маңызды. Жастайынан баланы асық ойынына баулыса спорттың кез-келген түріне мықты болады. Мергендік, ептіліктің барлығын осы асықтан үйренеді.

Еркебұлан АБДИРОВ, АСЫҚ АТУДАН АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Асық ойнаса бұл ерекшелігі адамның көзіне жақсы. Одан кейін саусаққа сосын атқан кезде қол мергендігіне жақсы. Әлем чемпионатына да кіріп жатыр қазір жарыстарға.

Әулие ата өңірі ұлттық спорттың қай түрінен болмасын өз мықтылықтарын дәлелдеп келеді. Сондықтан болса керек аймақта өскелең ұрпақтың қызығушылығы зор.