$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбе облысында су тасқынымен күреске 4 млрдқа жуық қаражат бөлінді

20.03.2024ж. 20:00
551
Ақтөбе облысында су тасқынымен күреске 4 млрдқа жуық қаражат бөлінді

Ақтөбе облысында 15 елдімекеннің суға кету қаупі бар. Ол ауылдар Қобда, Ойыл, Мәртөк және Темір аудандарында орналасқан. Көктемгі су тасқынымен күрес шарасына облыста 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Өңірде арнайы штаб құрылды. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінен шұғыл ден қою жасағы дайындалды. Оның құрамына180-нен астам құтқарушы кіреді. Облыста бүгінде 15 мыңнан астам инерттік материалдар, 67 мың қаптар қауіпті өңірлерге жеткізілді. Өзен -көлдер жағалауы бекітіліп, бөгеттер көтерілді. 688 көпір тазартылған. Жалпы облыста 36 елдімекен су басу аймағында. 

 Әлішер САРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ТЖ АЛДЫН АЛУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қобда, Ойыл, Мәртөк ауданы, Темір ауданының елдімекендерінде қауіп сақталуда. Казгидрометтің деректеріне сәйкес, 27 наурыздан бастап облысымызда күндіз ауа температурасы көтеріледі. Түнде нөл градусқа дейін түсетін болады. Ең қауіпті кезеңді наурыздың аяғына қарай күтіп отырмыз.