Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

«Президент ұсынысы - 600 мың майдангердің рухына деген нағыз құрмет», - депутат

20.03.2024ж. 20:00
225
«Президент ұсынысы - 600 мың майдангердің рухына деген нағыз құрмет», - депутат

Ұлттық Құрылтайда келелі идеология, құндылық, адам құқықтары туралы нақты мәселелер көтерілді. Депутат Еділ Жаңбыршин осылай дейді. Президент жиында аты аңызға айналған қаһарман Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағамбетовтың есімдерімен аталатын арнайы орден тағайындауды ұсынды. Депутат Мемлекет басшысының бұл бастамасы 600 мың майдангерлердің рухына деген нағыз құрмет, - дейді. Бұл отаншылдықты, ұлттық бірегейлікті нығайтуға зор ықпал ететінін айтты. 

Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз Мәжіліс депутаттары осы тың идеяға арнайы тоқталуды жөн көрдік және аталған ұсынысты заңды түрде бекітуіміз қажет. Бұл шешімді тез арада алдағы Отан қорғаушылар күніне дейін қабылдап, алғашқы сарбаздарымызды еліміздің біртуар перзенттерінің атындағы мәртебелі ордендермен марапаттауымыз керек.