Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға вейп және насыбай сатқандар анықталды

20.03.2024ж. 20:00
270
Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға вейп және насыбай сатқандар  анықталды

Кәмелет жасқа толмаған балаларға вейп пен насыбай сатқан 10 факт анықталды. Бұл рейд барысында Астана қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің үш күнде тіркегені. Аудан әкімдіктерімен бірлесіп шегілмейтін темекі өнімдерін сату мен таратудың жолын кесуге қатысты жұмыстар жалғаса бермек.

Рейдттік шара барысында бірнеше дүкендерге бас сұқты. Соның бірінде кәмелеттік жасқа толмаған азаматқа зиянды өнімді саудалап жатқаннына куәсі болдық. Өкінішке орай үш күннің ішінде, мұндай 10 факт анықталған.

Асқар ЖАКИПОВ, ЕСІЛ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ:

Есіл ауданы полиция басқармасына қарасты магазиндерді, яғни электронды сигарет бойынша құқық бұзушылық анықталуда жұмыс жасалып отыр. Елбасының жарлығына сәйкес барлығымыз жұмылдыра бірлестікпен жұмыс атқарудамыз.

Айта кетейік, рейдтік шараға ата-аналарда қатысты. Айтуларынша мектеп жасындағы балаларға электронды темекіні сату, оның болашағы балта шабумен тең. Сондықтан сатушылар бұл ісіне бей-жай қарамаса дейді.

Райгүл РАУШАНОВА, АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің жан айқайымыз ол жаңағы электронды темекінің зияны өте зор. Сондықтан 16 жасқа толмаған балаларға электронды темекі сатып жатыр. Біздің елбасымыз айтқандай бұған шектеу қойылған. Егер мұны сатылмаса бұдан құтылсақ үлкен көмек болар еді.

Қоғам белсенділері де электронды темекіге тосқауыл қоюға қатысты жұмыстар істеліп жатқанын айтады. Әсіресе мектептерге барып түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз дейді.

Шерхан АРАПБА, «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РҚБ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 Осы рейдттік шараларды дүкендерге 21 жасқа толмаған балаларға сатылмайтындығы жөнінде ақпараттандыру. Сонымен қоса мектептерге де ақпараттандыру жұмыстарын жүргізудеміз. Біз сонымен қатар мектептер мен қатар ата-аналарға да түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.