Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру өңірлерде қатаң бақылауға алынбақ

AstanaTV
19.01.2017ж. 20:00
2368
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру өңірлерде қатаң бақылауға алынбақ

Мемлекеттік бағдарламалардың өңірлерде тиімді жүзеге асуы қатаң бақылауға алынбақ. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед бейне байланыс арқылы партияның құрылымдық бөлімдері мен облыстық филиалдары басшыларымен өткен жиында айтты. Басқосуда өткен жылдың жұмысы қорытындыланып, алдағы жоспардың басым бағыттары нақтыланды.

Жиын барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылап, партиялық мониторинг жасау партия Төрағасының тікелей тапсырмасы екенін атап өтті. 2016 жылы 226 мыңнан астам қазақстандық «Нұр Отаннан» көмек сұраған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда айтарлықтай көп. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары 2017 жылға арналған жоспар бойынша тапсырмалар мен міндеттердің ауқымы кеңейгенін айтты.

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Ұлттық бірыңғай тестілеуде межелік деңгейден өте алмаған немесе сынаққа мүлде қатыспаған түлектерге қолдау көрсету бойынша Президент тапсырмасы сәтті орындалды. Еліміз бойынша тестілеуге қатыспаған 54 мың түлек анықталған. Олардың әрқайсысына партия тарапынан көмек көрсетілді. 9 мыңдайы жұмысқа орналастырылса, қалғандары жоғары оқу орындары мен кәсіптік-техникалық білім беру мекемелеріне оқуға түсті.

Мұхтар Құл-Мұхаммед ерекше маңызға ие «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы президенттік бағдарламасын, агроөндірістік кешенді дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың маңызына тоқталды. Азық-түлікпен қамтамасыз ету және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын халық арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.