Павлодар
облысындағы су қоймаларда шоқыну мерекесі күндері күзет күшейеді. Қаңтардың 18
мен 20-сы аралығында аймақтағы өзен-көлдер бақылауға алынбақ. Төтенше жағдайлар
қызметі өкілдерінің ақпарынша, бұл жұмысқа 300-ге жуық адам мен 73 техника
тартылған. Сегіз ауданда суға шомыламын деушілерге мұз үстінен 19 суат ойылған.
Оның жанында құтқарушылар, полицейлер мен дәрігерлерден жасақталған топ
кезекшілік жасайды. Осылайша, төтеншеліктер оқыс оқиғалардың алдын алмақ.
Сергей
Чернов, Павлодар облыстық ТЖД бөлім басшысы:
Мұзға
шыққандардың санын реттеп тұру үшін арнайы қоршаулар қойылған. Яғни бұл
жердегі әрекет ұйымдастырылған түрде өткізіледі. Сондай-ақ, қауіпсіздікті
құтқарушылар, медициналық қызметкер мен жергілікті полиция қызметінің өкілдері
қамтамасыз етпек.
Суға
шомылу үшін белгіленген орындарға ағылғандардың қарасы қалың. Алдын ала
мәліметтер бойынша тек Павлодар қаласында биылғы шараға 15 мыңдай адам қатысады
деп күтіліп отыр. Ал, дін өкілдері мұздай суға шомылып шығу ісіне атүсті
қарауға болмайтынын
айтады. Оған арнайы дайындық керек. Басты қағида - ішімдіктен аулақ болу,
шынайы ниет пен мықты денсаулық.
Никита
Шеян, кафедралдық шіркеудің өкілі:
Адамның
денсаулығы көтеретін болса, оған жол ашық. Егер тоңып, ауырып қаламын деген
күмән болса немесе қорықсаңыз, онда бетті жуумен шектелуге болады. Шын ниет
болса, осының өзі жеткілікті.