$510.06 €566.32 ₽6.32
×

2017 жылғы демалыс күндері бекітілді

AstanaTV
19.01.2017ж. 20:00
2426
2017 жылғы демалыс күндері бекітілді

Наурыз мерекесінде халық 5 күн бойы демалатын болды. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулыға қол қойды. Бұл жөніндегі ақпарат премьер-министрдің ресми сайтында жарияланды.  Қаулыға сәйкес 18 наурыз сенбі күнгі демалыс 20-сына, яғни дүйсенбіге ауыстырылды. Тиісінше, сенбі жұмыс күні болмақ. Осылайша, наурыздың 19-ы мен 23 аралығында қазақстандықтар демалады. Қаулы 10 күннің ішінде күшіне енеді.